• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2017

Ұлттық комиссияның отырысы өтті

155 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында төрт­жылдық еңбек шарттарының мерзімдері  2017 жылғы маусым – тамыз айларында аяқталатын «А» корпусы қызметшілерінің мемлекеттік қызметті одан әрі өткеруі жөніндегі мемлекеттік ор­гандардың ұсыныстары қарал­ды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің ұсы­нысы бойынша «А» корпусы қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау қорытындылары бекітілді. Ұлттық комиссия Мемлекет басшысының 2017 жылғы 5 сәуір­дегі №456 Жарлығына сәй­­кес, лауазымдары «А» кор­пу­­сынан «Б» корпусына ауыс­ты­­рылған адамдардың «А» кор­пу­сының кадр резервіне қабыл­дау жөніндегі өтініштерін қа­рады.  

Соңғы жаңалықтар