• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2017

Рухани жаңғыру– санадағы сілкініс

293 рет
көрсетілді

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың өзекті мәселелерін ортаға салған жиын өтті. Оған  Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдерімен қатар  өңірге  арнайы  сапармен келген Қазақстан Жазушылар одағының делегация мүшелері де қатысты.

«Үркер» журналының бас  редакторы, халықаралық «Алаш», «Сорос-Қазақстан» сыйлықтарының  лауреаты Қуандық  Түменбай өз сөзінде Қызылжардың құйқалы топырағынан Мағжан, Сәбит, Ғабит, Иван Шухов,  Сафуан Шаймерденов секілді  қарымды қаламгердің өсіп-өнгенін, олардың келер ұрпаққа аманаттаған мол мұралары құндылығын ешқашан жоғалтпайтынын айта келіп, Президенттің  «мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» денен  пайымдарына жұртшылық назарын аударды. 

«Рухани жаңғыру бүгін басталып, ертең аяқталатын жұмыс емес. Оны саяси, экономикалық дамуымызбен сабақтастыру үшін,ең алдымен,  әр қазақстандықтың бойында  біртұтас ұлт болу идеясын қалыптастыруымыз  керек. Бұл орайда, жас буын тәрбиесі ерекше орын алады.  Мақалада  «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарат. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» делінген. Сана-сезіміміз бен дүниетанамымызға әбден сіңіп қалған таутаурын  қағидалардан арылудың бірден-бір жолы–санадағы сілкініс. Ол өздігінен келмейді. Заман ағымына икемделе отырып,  жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру–алдағы  басты міндет осы», деді белгілі жазушы.

«Простор» журналы бас редакторының орынбасары, аудармашы  Любовь Шашкова  санадағы сілкіністі иделогиялық жағынан қамтамасыз ету, ұлттық болмыстың өзегін  сақтау,  салт-дәстүрлерді, ұлттық рухымызды байыту мәселелерін өз сөзіне арқау етті. «Қазақстандағы  100 жаңа есім» жобасының  мән-мағынасын ашып көрсетіп,  дәйекті мысалдар келтірді.  Тәуелсіздік жылнамасы  нақты адамдардан,  сан қилы тағдырлардан, жасампаз еңбектен құралады. Ондай тұлғалар елімізде аз емес. Оың өңірлік нұсқалары да жасалы жатса, жастарымызға үлгі болар еді,деді ол.

Жиында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі  Наиль Салимов, «Лад» славян қоғамының жетекшісі  Алесандр Курленя,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист-публицист Зейнолла Әкімжанов,  жергілікті ақын Василий Коноплев,  тағы басқалары Елбасы ұсынған  бағдарламалар мен жобалар жұртшылық көңілінен шыққанын,  ендігі мақсат  жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру идеяларын  дамуымыздың басты қағидасына айналдыру тиістілігін атап көрсетті.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.