• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 27 Наурыз, 2026

Программалау анасы

80 рет
көрсетілді

«Компьютер» ұғымы қағаздағы идея болған XIX ғасырдың өзінде ағылшын математигі Ада Лавлейс тарихтағы алғашқы программист әйел атанды. Сол үшінде Халықаралық бағдарламаушылар күні Аданың туған күніне байланысты бекітілген.

1843 жылы жарияланған еңбегінде ол Бернулли сандарын есептейтін алгоритм ұсынып, бүгінгі тілмен айтқанда «кодтың» логикасын қағазға түсіріп кеткен. Ең қызығы, ол машина болашақта тек сан емес, музыка, мәтін, сурет секілді ақпаратты да өңдей алады деп болжаған. Сон­дықтан Ада Лавлейсті көпшілік «компью­тер дәуірінің алғашқы ойшылы» деп атайды.

 

Соңғы жаңалықтар