• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстан журналистерінің спартакиадасы өтті

100 рет
көрсетілді

БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі құрметіне орай Мамлют ауданындағы «Искра» санаторийінде қалам иелері спорттың тоғыз түрі бойынша күш сынасты.

170-ке жуық республикалық, жергілікті тілшілер арасындағы спорттық бәсеке  тартысты өтіп, әсіресе, шағын футбол мен волейболдан жеңімпаздар ақтық сынға дейін белгісіз болып келді.

Жарыстың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған меншікті тілшілердің командасына ауыспалы кубок салтанатты түрде табыс етілді. Екінші, үшінші орындарды «Северный-1» телеарнасы мен облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті бөлісті.

Денешынықтыру және спорт басқармасы мен журналистер одағының облыстық бөлімшесі қаржылық қолдау көрсетті.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»