• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2017

Теңіздегі тарлан

147 рет
көрсетілді

Бақтияр Маратұлының Ақтау қаласына, Каспий теңізінің жағасына келіп қызмет етіп жатқанына әлі бір жыл да бола қоймапты. 23 жастағы жігіттің қа­зақ даласының батыс өңі­рі­­не, соның ішінде киелі Маң­­ғ­ыстау даласына таба­ны алғаш рет тиген екен.

«Еліктеді, үлгі ет­ті» дей­тіндей отбасында әс­ке­ри адам болмаған Бақ­ти­яр ба­ла кезінен әскери болуды армандап өсті. Тағдыр ба­ла кезгі балауса тілегін қа­был етіп, 2016 жылы Ал­ма­ты облысының Текелі қа­ласында өмірге келіп, орта мектепті бітірген ол Ал­маты қаласындағы Құр­лық әскерлерінің Әскери инс­титутын 4 жыл оқып бітіріп шықты. Лейтенантты басшылық Ақтау қаласына қызметке жіберді. Б.Нұр­мұқаш келген бойда 25744 теңіз жаяу әскері әскери бөліміне теңіз жаяу әскері взвод командирі болып қызметке кірісті.  Өз мамандығын сүйетін және азамат ретінде өз Ота­нының қорғаны екенін жақ­сы түсінетін Бақтияр қи­ын да қызықты жұмысқа бі­лек сыбана араласты. Вз­вод­тың өзіне жүктелген тапсырмалары мен мін­дет­терін мүлтіксіз орындау жолында нағыз әскери қыз­метшіге тән ізденді, жұ­мыс­танды, әрекет етті. Нә­тижесінде, ол басқарған взвод 2017 оқу жылы қысқы оқу мерзімі қорытындысында  так­тикалық сабақтар бойынша сынақ тапсыруда үздік шықты. Бұл взводты бір адамдай дайындап, ор­тақ іске жұмылдыра алған ко­ман­дирдің – қызметке ен­ді кіріскен лейтенанттың еңбегінің жемісі екені анық.  Әскери қызметшілердің бар­лығына бірдей пәтер мә­се­лесін жеделдете шешу мүм­кін болмағандықтан, олар­дың пәтер жалдау ақысын төлеуді мемлекет өз мойнына алған болатын. Б.Нұр­мұқаш да осы  шапағаттың жемісін көріп жүргендердің бірі.  Екі апам, бір қарын­да­­сым бар – деген лейтенант отбасындағы жалғыз ұл болып шықты. Күліп қош­тас­қан жас офицерге қазақ үшін «шаңырақтың иесі» ер баланың орны бөлек екенін ескеріп,  «бір басының екеу болуына» және бейбіт елі­міз­дің берік қорғаны, тыныш күннің сарбазы болуына тілек білдірдік. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы