• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 29 Маусым, 2017

Елу елді аралап, ЭКСПО-ға келді...

202 рет
көрсетілді

Петропавл қаласына аялдаған грузин жиһанкезі Нодар Беридзе Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін арнайы маршрут түзіпті.

Былтыр ақпан айында Тбилисиден велосипедпен ұзақ сапарға аттанған саяхатшы 850 күннің ішінде 50 елдің шекарасын басып өтіп, 50 мың шақырымды артқа тастап­ты. Күніне 100 шақырым қашықтықты еркін еңсеріп отырған оның ендігі ойы – Гиннес­тің рекордтар кітабына ену. Рекордтар кітабын 14 рет жаңартқан қандасы Джумбер Лежава­ның 264 мың шақырым қашықтықты бағын­дырғанын, көп жыл бойы оның менед­жері болғанын мақтан етеді.  «Әлем жолы» атты құрлықаралық саяхат маршрутын бүгінде өзі жалғастырып, ұстаз аманатын адал орындап келеді. Аяқ суытып, дамылдаған сәттерде сол елдің, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін біл­мекке құмар. Қай жағынан болсын Қазақ­станнан үйренетін тағылым, көкірекке түйе­тін оралымды ойлар көп дейді ол.  Алдағы бағыты – Ресейдің Омбы, Қор­ған, Түмен облыстары. Оны алда ұзақ жол­сапар күтіп тұр. Ол 2018 жылы ғана туған жері­мен, отбасымен қауышатын көрінеді.  Қазақстан жайлы жылы ұғымды жүрегіне ұялатқан жиһанкезге сәт сапар тілейік. 

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы