• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Маусым, 2017

Электронды кезек уақытыңды үнемдейді

438 рет
көрсетілді

Атырау қаласындағы №3 емханада «Электронды кезек» қанатқақты жобасының таныстырылымы өтті.

Ұйымдастырылған шараға қатысқан облыстық ден­саулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева: «Бұл жоба алдағы үш ай ішінде барлық емханаларда қолданысқа енгізіледі», деді. Электронды кезек жобасы тұрғындардың уақытын үнемдейді әрі емдеу мекемелеріндегі тәртіпті сақтауға бағытталған. Аталған жүйе әр кабинетте орнатылады және оның ерекшеліктерін медицина мамандарына оқыту жайы қарастырылып жатыр.  Атырауға бұл жобаны жеке кәсіпкер Антон Скрамовский алып келген. Оның айтуынша, бұған дейін Орал қаласында қолданысқа енгізілген жүйе тиімділігін дә­лелдеді. Қазір Батыс Қазақстан обл­ысында емханаға келушілерден арыз-шағымның түсуі 70 пайызға азайыпты.  Жоба жетекшілері электронды кезектің ұялы телефондарға арналған қосымшаларын шы­ғаруды да жоспарға енгізіп отыр.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»   АТЫРАУ