• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстан әкімі журналистерді марапаттады

230 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов  республикалық және жергілікті баспасөз ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады.

Құмар Іргебайұлы өз сөзінде  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан  «төртінші билік» иелерінің қажырлы еңбегіне жоғары баға беріп, шығармашылық шабыт, ұшқыр ой тіледі.

Салтанатты шара  марапаттау рәсіміне жалғасты.  «Қазақстан РТК облыстық филиалының директоры Ерлан Тоқшылық,  «МТРК» жетекшісі Евгений Сазанов,  «Квартал» газетінің бас редакторы Талғат Айдарханов,  «Bnews» ақпараттық агенттіктің тілшісі Светлана Пышкина, «Хабар» телеарнасының тілшісі Самат Жақыпов облыс әкімінің құрмет грамотасын иеленді. 28 журналистке ақшалай сыйлық табыс етілді.

Салтанатты шара  журналистер қауымының концерттік бағдарламасына ұласты.

 Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

 Солтүстік Қазақстан облысы.