Шыныбеков Абат Абайұлы 44 жаста. Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын (инженер-механик), 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын (экономист) бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл совхозында инженер-механик болып бастаған.
А.Шыныбеков 1996-2013 жылдары аралығында Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары, Орал қалалық мәслихатының хатшысы болған. 2013 жылдан бері Сырым ауданының әкімі лауазымын атқарған.
- Өңірлерді дамыту туралы Елбасы тапсырмасына сәйкес облысымызға үлкен қолдау бар. Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға біліміңіз бен тәжірибеңізді жұмсайды деген сенім білдіреміз. Мемлекет басшысының биылғы жолдауынан, рухани жаңғыру бағдарламасынан шығатын тапсырмалардың ауданда тыңғылықты орындалуын қадағалаңыз,- деді облыс әкімі ауданның жаңа басшысына.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
"Егемен Қазақстан"
Батыс Қазақстан облысы