Байқау талаптары бойынша үміткерлер туған жер, киелі орындар мен көрікті мекендер тақырыбын қамтыған тарихи-танымдық, зерттеу мақалалары мен фоторепортаждарын жолдауы тиіс еді. Соған орай, редакциямызға ел өңірлерінен 20-дан аса материал келіп түсті. Редакция алқасынан құралған конкурстық комиссия осы материалдармен жеке-жеке танысып, ең үздіктерін іріктеді.
Нәтижесінде, «Үздік журналистік зерттеу» номинациясында Ерзат Ермағанбетов, «Үздік танымдық материал» номинациясында - Айдана Жұмадинова, «Үздік фоторепортаж» номинациясында Жадыра Мұсабай есімді жас журналистер жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі бүгін «Егемен Қазақстан» редакциясында өтіп, жүлдегерлерге арнайы жасалған кәдесыйлар мен 200 мың теңге ақшалай сыйлықтың сертификаттары тапсырылды.