• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2017

Жамбыл облысында тексеру комиссиясының төрағасы тағайындалды

403 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында тағы да бірқатар ауыс-түйіс орын алды. Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы болып Жарылқасын Айтақов тағайындалды. Жарылқасын Әбдіғаппарұлы осы уақытқа дейін  Т.Рысқұлов ауданы әкімінің қызметін атқарып келген болатын.

Айтақов Жарылқасын Әб­ді­ғапарұлы 1962 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Жаңа Талап ауылында дүниеге кел­ген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1985 жылы Жамбыл гид­ро­ме­лиорация-құрылыс инсти­ту­тын инженер-механик, 2004 жылы Тараз мемлекет­тік уни­вер­си­тетін заңгер және 2007 жылы Әулие-Ата университе­­тін пе­да­­гогика және психо­ло­­­гия пән­­­де­­рінің оқытушысы, 2011 жылы Жамбыл гумани­­­тар­лық-тех­ни­калық универ­си­те­­тін эко­но­мист мамандықта­ры бо­йынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Ресей Фе­дера­циясы, Калуга облысын­дағы Кондров жыл­жы­малы-механикалан­дырыл­­ған колон­насында учас­ке ме­­­­ха­­­­нигі болып баста­­ған. 1985-1990 жылдары Жуалы ауданы «Бурное №15» кәсіп­тік техникалық училище­сін­де оқы­тушы, директордың орын­басары қызметтерін ат­қарған.

1990-1992 жылдары Жуалы ау­дандық комсомол коми­те­­­ті­нің бі­рінші хатшысы, 1992-1995 жыл­­да­ры Жуалы аудан­дық әкім­­­шілі­гінде ұйымдас­­тыру бө­лі­мі­нің меңгерушісі, 1995-2008 жыл­дары Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2010 жылдары Жуалы ауданы әкімі­нің орынбасары болған.

2010-2012 жылдары Жам­был облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған. Кейіннен Жуалы аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарған.