Әрине, бұлардың бәрі де балдырғандарды тиісті төлемақылар, тіпті бірқатар жағдайларда жоғары баға бойынша қабылдайды. Ал Ақтөбе қаласындағы «Аслан-Али» ЖШС жетекшілері Мәртөк ауданындағы Аққұдық ауылдық округіне қарасты Достық ауылынан тегін балабақша ашу жөнінде ұйғарым жасады. «Қазіргі кезде балабақша ғимараты ретінде жалға алынған даңғарадай бес бөлмелі үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Жиһаздарға тапсырыс жасалған. Балабақша пайдалануға берілген кезде оған осы ауылдың адамдары қызметке тартылмақ. Ғимарат бала санына тарлық еткен жағдайда, қосымша алаң қосуға мүмкіндіктер бар», дейді серіктестік менеджері Саят Оңайбаев. Ал балабақша меңгерушісі Әлия Битуринаның айтуынша, Достық ауылында 40-қа жуық мектеп жасына дейінгі бала бар. Тіпті, күнделікті тіршілігін қолындағы азын-аулақ малмен айырып отырған кейбір қарапайым отбасы иелері балабақшаға 2-3 баласын қатар беруіне тура келмек. Осындай жағдайда олар ақысыз балабақша ашу жөнінде шешім қабылдаған ақтөбелік кәсіпкерге дән риза.
Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы