«ЭКСПО– 2017» көрмесін тамашалауға 20 күнде жарты миллионнан астам адам келді. 2017 жылдың 29 маусымында кешкісін Халықаралық мамандандырылған көрменің 500 000-шы келушісі тіркелді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АК-ның баспасөз қызметі.
Көрменің алғашқы аптасында күнделікті қонақ саны орта есеппен 22 840 адамды құрады. Ал 29 маусымда келушілердің саны 36 000-нан асты.
Айта кетейік, бұған дейін алдын-ала болжам бойынша, Халықаралық мамандандырылған көрменің көрермендер саны – 2 млн, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 млн болады деп хабарланған болатын.