«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 8 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тек республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
Еліміз бойынша желдің күшеюі, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі.
Еске салайық, еліміздің барлық облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.