• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Мамыр, 2026

Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді

Иран билігі Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге бағытталған 14 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды АҚШ-қа жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл құжат америкалық тарап бұған дейін ұсынған бастамаға жауап ретінде әзірленген.

Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді

Тегеранның талаптары:

Шабуыл жасамауға кепілдік беру; Америкалық әскерді аймақтан шығару; Блокада мен санкцияларды алып тастау; Бұғатталған активтерді босатып, өтемақы төлеу; Ормұз бұғазының жұмыс істеу тәртібін қайта қарау.

Вашингтон бұл құжатты алғанын растады. АҚШ президенті Дональд Трамп ұсыныстарды қарастыратынын айтқанымен, олардың іс жүзінде қабылдануына күмән келтірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та президентке қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталған азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұрған жазған едік.

Соңғы жаңалықтар