• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:51

Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

40 рет
көрсетілді

Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен триатлоннан Азия Кубогінде Қазақстан құрамасы айтарлықтай табысқа жетті. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы бәсекеде отандастарымыз 4 медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ересектер арасында алматылық Дарын Қонысбаев екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанды. Ал жасөспірімдер арасында Астана мен Шымкент спортшылары үздік шықты:

Рамазан Айнегов (Астана) – алтын; Алуа Нұрмұхамбет (Астана) – алтын; Калерия Шнейдер (Шымкент) – күміс.

Жарыстың ең маңызды сәті – Рамазан Айнеговтың Дакарда өтетін 2026 жылғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдама иеленуі болды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы триатлоннан Гонконгта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар