• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2017

Түймебаев Парламент депутаттарымен өңірді дамыту жайын талқылады

166 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірге келген бір топ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті, -деп хабарлады ОҚО баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын өңір жұртшылығына насихаттау мақсатында келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының ішінде Сәкен Қаныбеков, Абдіманап Бектұрғанов, Мансұрхан Махамбетов, Ержан Құдайберген  бар.

Кездесу барысында аймақ басшысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілген міндеттерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік–экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды.  Әкім сондай-ақ облыс экономикасын жақсартуда халықаралық байланыстарға аса мән беріліп, ішкі  туризм саласын дамытуға күш салынып отырғанын сөз етті.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы - маңызды саяси-идеологиялық құжат. Себебі, бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары  туралы кеңінен айтылған. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз - елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан Елбасы мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, облысымызда таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр. Әрі халықаралық байланысты нығайту арқылы өңірімізге инвистиция тарту мен кедергісіз кәсіпкерлік ортасын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда»,-деді Жансейіт Қансейітұлы

Елбасының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуына қаныққан халық қалаулылары алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлестерін қосып, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Демалыс уақытында облыстың бірқатар өңірлерінде болып, сайлаушыларымен кездесулер өткізетін мәжіліс депутаттары жергілікті жердегі атқарылып жатқан істермен танысып, көпшіліктің ой-пікірлерін тыңдамақ.