• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 03 Шілде, 2017

Бес жүз мың қонақ келді

446 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келушілер саны 500 мыңнан асты. «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ бас­пасөз қызметінің мәліметінше, елордадағы шараны бастапқы 20 күнде жарты миллионнан астам адам тама­шалаған. 500 мыңыншы қонақ 29 маусым күні кешкісін тіркеліпті.  

ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы аптасында күнделікті қонақ саны орташа есеп­пен 22840 адамды құрады. Ал 29 мау­сымда келушілердің саны 36000-нан асқан.

Бұған дейін алғашқы болжамдарға сүйеніп, халық­аралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі кө­рер­мен­дері­нің саны 2 000 000, ал кіріп-шығу көрсет­кіші шамамен 5 000 000 болады деп хабарланған.