• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Су спорты 03 Шілде, 2017

Дмитрий Баландин Болгария чемпионатында 2 алтын 1 қола медаль иеленді

136 рет
көрсетілді

Қазақстандық жүзгіш, Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Болгария чемпионатында брасс әдісімен жүзуден үздік нәтижеге қол жеткізді. Отандасымыз 2 алтын 1 қола медальға ие болды, деп жазады Vesti.kz.

100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий алдына жан салмады. Екі қашықтықта да бірінші келді. Ал 50 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медальды қанағат тұтты.

Дмитрий Баландин Болгария чемпионатынан кейін 14-30 шілде аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Айта кетейік, отандасымыз Риодағы Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты.