Мемлекет тұрғындарының 8 пайыздан астамы қазірдің өзінде баламалы энергия көздерін пайдаланады екен. Бұл көрсеткішті мысырлықтар алдағы 5 жылда көбейте түсуді көздеп отыр. Нақтырақ айтсақ, олар Египетті екіге бөліп жатқан Ніл өзенін су электр стансасына, ал SUES каналын жел энергиясының көзіне айналдырмақшы. Ал күн энергиясы үшін Сахара шөлін пайдалану жоспарлануда. Ұлттық күні өтіп жатқан мысырлықтар өздері мақтан тұтатын алып пирамидаларын Астанаға әкеліпті. «Табиғатта таусылмас төрт энергия бар. Біз ұсынып отырған пирамиданың төрт қабырғасында сол 4 энергия көрсетілген. Оның ең ұшар шыңында адам энергиясы бейнеленген. Бұл табиғаттың байлығын танытар төрт энергияны тұтынушы адам ресурсы екенін білдіреді», дейді ұйымдастырушылар.
ЭКСПО-2017
•
04 Шілде, 2017
Күн энергиясын ғасыр бұрын тапқан
313 рет
көрсетілді
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Египет Араб Республикасының ұлттық күні өтті. «Болашақтың энергиясы» атауымен ұсынылған Қазақстандағы бірегей көрме барысында баламалы энергия көздерін пайдаланудан алғашқы ондыққа кіретін Мысыр елі 1913 жылдан бері күн панелін пайдаланып келеді.