«Қорғас» ХШЫО» АҚ президенті Қ.Джазиннің айтуынша, бұл жоба көп форматты трансшекаралық ынтымақтастықтың табысты атқарылып жатқандығын аңғартады. Орталық саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық-мәдени салалардағы тиімді ынтымақтастықты дамытудың зор әлеуетіне ие. Екі ел шектесетін шекаралық өңірде ынтымақтастық аймағын ашу бастамашылық идеясы Қазақстан Президентінің 2002 жылғы желтоқсанда Қытайға сапары барысында туындаған болатын. Сол кезде жаңа форматтағы өзара тиімді сауда-саттық пен инвестициялық ынтымақтастықтың алғы шарттары жасалған еді. «Қазіргі таңда «Қорғас» көпсалалы хаб ретінде танымал. Оның құрамында темір жол, автожол өткелдері, әуе тасымалы, газ құбыры, туристік саяхат мүмкіндіктері қарастырылған. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жедел құрылысымен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасы «Жібек жолы экономикалық белдеуі» тұжырымдамасы бірлескен түрде жүзеге асырылуда. Біз бірлескен жобаларды атқара отырып, өзара қолдасып, инновациялық және мәдени дамуды, өркендеуді қамтамасыз етуді мақсат етеміз», дейді Қорғас қаласының мэрі Мурал Әбілмәжин. Басқосуда қатысушылар «Қорғас» ХШЫО» өнеркәсіп және көліктік әлеуетімен танысты. Дәстүрге айналған Қазақстан – Қытай тұсаукесер рәсімі бірқатар тұрақты инвесторлар мен кәсіпкерлердің назарын аударды.
ЭКСПО-2017
•
04 Шілде, 2017
«Қорғас» – қос елдің серіктестік көпірі
355 рет
көрсетілді
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында «Қорғас» халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығы» (ХШЫО) жобасының сегізінші бірлескен Қазақстан-Қытай жобасының тұсаукесері өтті. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Қорғас» екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың және тату көршіліктің тарихи куәгері екенін айтты. «Қорғастың» болашағы қос тараптың шекаралық серіктестік аясын кеңейте түсуінен және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуынан көрінеді», деді ол.