• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 04 Шілде, 2017

«Қорғас» – қос елдің серіктестік көпірі

355 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында «Қорғас» халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығы» (ХШЫО) жобасының сегізінші бірлескен Қазақстан-Қытай жобасының тұсаукесері өтті. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Қорғас» екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың және тату көршіліктің тарихи куәгері екенін айтты. «Қорғастың» болашағы қос тараптың шекаралық серіктестік аясын кеңейте түсуінен және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуынан көрінеді», деді ол.

«Қорғас» ХШЫО» АҚ президенті Қ.Джазиннің айтуынша, бұл жоба көп форматты трансшекаралық ынты­мақ­тастықтың табысты ат­қа­рылып жатқандығын аң­ғар­тады. Ор­талық саяси, сау­да-эко­но­ми­калық, ғы­лыми-тех­ни­ка­лық, гуманитарлық-мә­дени са­ла­лар­дағы тиімді ынты­мақ­тас­тықты дамытудың зор әле­у­етіне ие. Екі ел шектесетін шека­ра­лық өңірде ынты­мақ­тастық аймағын ашу бастамашылық идея­сы Қазақстан Пре­зи­­дентінің 2002 жылғы жел­тоқсанда Қытайға сапары барысында туындаған болатын. Сол кезде жаңа фор­маттағы өзара тиімді сауда-сат­тық пен инвестициялық ынты­мақ­­тастықтың алғы шарттары жа­салған еді. «Қазіргі таңда «Қорғас» көпсалалы хаб ретінде та­нымал. Оның құрамында темір жол, автожол өткелдері, әуе тасымалы, газ құбыры, туристік саяхат мүмкіндіктері қарастырылған. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жедел құрылысымен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасы «Жібек жолы экономикалық белдеуі» тұжырымдамасы бірлескен түрде жүзеге асырылуда. Біз бірлескен жобаларды атқара отырып, өза­ра қолдасып, инновациялық және мәдени дамуды, өр­кендеуді қамтамасыз етуді мақсат етеміз», дейді Қорғас қаласының мэрі Мурал Әбілмәжин. Басқосуда қатысушылар «Қорғас» ХШЫО» өнеркәсіп және көліктік әлеуетімен танысты. Дәстүрге айналған Қазақстан – Қытай тұсаукесер рә­сі­мі бірқатар тұрақты инвес­торлар мен кәсіпкерлердің назарын ау­дарды.