• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Ақпан, 2026

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

10 рет
көрсетілді

Құқық қорғау органдары тергеу барысында күдікті тұлғалардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы келді. Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, нәресте өлі туған», делінген хабарламада.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің мәйітін контейнерге тастаған тұрғын анықталды.

Елімізде нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Бұл факт бойынша тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Жаңа туған нәрестелерді сатпақ болған: министрлік адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады

Соңғы жаңалықтар