• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2017

Қостанайлық полицейлер алғаш рет мерекелік отбасылық спартакиада өткізді

135 рет
көрсетілді

Астана күні құрметіне Қостанай қаласындағы «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы базасында отбасылық спартакиада өтті. Тәртіп сақшылары арасында бірінші рет ұйымдастырылған бұл шараға олармен қатар отбасы мүшелері де қатысты.

«Осындай спорт шаралары бізді ғана емес, отбасы мүшелерімізді, балаларды спортқа тәрбиелейді және полицейлердің сымдай тартылған тұлғасын сақтауына ықпал етеді», – деді мерекені ашқан облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мереке Алшағыров.

Мерекелік спартакиадаға қатысқандар спорттың армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту және жағажай волейболы мен шағын футбол түрінен жарысқа түсті, сонымен қатар балалар үшін көңілді старттар өткізілді. Спартакиадада әр спорт түрінен жеңімпаздар анықталып отырды. Мысалы, армрестлингтен полиция лейтенанты Антон Селивановке ешкім шақ келмеді. Гір көтеруден полиция кіші сержанты Әскер Сәлімбетов ерекше көзге түсті. Арқан тарту спорттың демалыста, көңіл көтеру үшін ойналатын түрі болғандықтан, оған жиналғандар екі команда болып қатысты.

Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ