Елордамыздың – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының негізін қалаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси стратегиясы, армандары мен жүзеге асқан ғаламат жоспарларының жарқын үлгісі. Мемлекет басшысының бастамасымен киелі жерімізде жаңадан байтақ қала, рухани жаңғырудың қайнары, халқымыздың мақтанышы мен бірлігінің символы пайда болды. Астана күні қарсаңында еліміздің басты әуе айлағына Елбасы есімінің берілуі де айқын заңдылық. Үстіміздегі жылы Астана «Болашақтың энергиясы» жаһандық саммитінің орталығы ретінде өзінің ғаламат жетістігінің куәсі болған ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалаған сан мыңдаған қонақтар тарапының зор қуаныш сезімдерін туғызып отыр. Осы айтулы жылы біз сананың ашықтығына, қуатты және жауапкершілігі мол адамдары бар Ұлттың биік рухына жол ашатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға кірістік. Оның сәтті іске асырылуы Астананы одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз.
Құрметті жерлестер! Барша қазақстандықты Астана күнімен құттықтаймыз! Біздің мақтанышымыз, Президенттің ғаламат жобасы бұдан әрі қарай да әлемді таң қалдырып, жаһандық диалог пен халықаралық бастамалардың мекені бола берсін. Астана – бәріміздің қуанышқа бөленіп, бақытымызды бағалайтын қаламыз. Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар! Жасай бер, Астана!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі