• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Шілде, 2017

БҰҰ: Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселесі қаралды

608 рет
көрсетілді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселесіне арналған жиын болды. Ұйымның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде ұйымдастырылған бұл шара ашық пікірталас пішімінде өтті, деп хабарлады Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ая­сында өткен аталған бас­қо­су­да мемлекеттік емес құ­ры­лым­дар­дың жаппай қырып-жоятын қа­рулармен шабуылдау қаупі жан-жақты сөз болды. Осы орай­­да жиынға қатысушылар мем­­лекеттер тарапынан қолға алын­­ған шараларға қарамастан, лаң­­кестік топтардың ядролық, хи­миялық және биологиялық қа­руларды қолдану қаупі күн сай­ын артып келе жатқанын бі­рауыздан атап өтті. БҰҰ-ның Қарусыздану мә­селелері бойынша Жоғар­ғы Комиссары Идзуми Наками­цу­­дың сөзіне қарағанда, мем­ле­кет­тік емес заңсыз құры­лым­дар өздеріне қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алуда баламалы интернет порталда­ры, ұшқышсыз ұшу аппаратта­ры, үш өлшемді принтерлер се­кіл­ді озық технологиялардың көмегін пайдалануда.  Өз кезегінде еліміздің БҰҰ-да­­ғы Тұрақты өкілі Қайрат Ома­ров Қазақстан тарапы ғы­лым мен техника саласында жа­салып жатқан адамзатқа қау­­­­­іп төндіруі ықтимал жаңа­лық­­­­­тарды бақылауға алу мә­се­ле­­­сіне тоқталды. Осы орайда ол Мемлекет басшысы Нұр­сұл­­­­­тан Назарбаевтың жаппай қы­­­рып-жоятын қару жасау жә­не жетілдіру үшін пайда­ла­­ны­луы мүмкін ғылыми жа­ңа­лық­тар­­­дың Тіркеу реестрін тү­зу қа­­­жеттігі тура­лы бастамасын ес­­ке салды. Өзінің қорытынды сөзін­де Қ.Омаров жаппай қы­рып-жоя­тын қарулардан құ­ты­лу мақ­са­тын­да әлемдік қоғам­дас­тық­тың заман талабына сай күш бі­ріктіруі маңызды екеніне на­зар аударды.  Жиында қатысушылар жа­һан­ды алаңдатып отырған бұл мә­селенің маңыздылығын, бұл орай­да кешенді шаралар қа­был­дау қажеттігін атап көр­сет­ті.