• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 05 Шілде, 2017

«Нұрлы жол» вокзалында еріктілер қызмет көрсетуде

200 рет
көрсетілді

«Нұрлы жол» вокзалы ашылғалы бері жаңа нысанның инфрақұрылымында 60 ерікті жолаушыларға қызмет көрсетуде.

Еріктілер Астанаға келген қонақтарды күлімсіреп қарсы алып, билеттердің сатылу жайын түсіндіріп, қонақүйлерге жету, такси шақыру секілді қызмет түрлеріне кеңес береді. Оның ішінде ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінің қызметі туралы ақпараттарға зор көңіл бөлінген.

«Қазіргі таңда, осындай ғажайып шараны ұйымдастырудың нәтижесінде Астана туристер қызығатын қалаға айналды. «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы қала қонақтарын алғаш күтіп алатын нысан. Вокзал қызметкерлері жолаушылар мен қыдырушыларға барынша жайлы қызмет түрлерін ұсынады»,-дейді «Нұрлы жол» вокзал кешенінің директоры Д. Құсайынов.

Еріктілер вокзал қызметкерлерімен бірге барынша жауапкершілікті сезінеді. «Бізді «Нұрлы жол» вокзал кешеніне тіркеді. Еріктілер арнайы дайындықтан, тіл үйрену курстарынан өткізілді. Біз Қазақстанның басты қаласындағы жаңа вокзалда қызмет етіп жатқанымызға мақтанамыз»,-дейді еріктер тобының супервайзері С. Әбілова. Еріктілердің әр тобында бес адамнан топтасып, екі ауысымда қызмет көрсетеді.