• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2017

Мүслима – 18 миллионыншы тұрғын

409 рет
көрсетілді

Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны Жетісу жерінде өмірге келді. Ол – Мүслима Саматқызы. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады. 

Облыс әкімі Амандық Баталов Бестібаевтар отбасына арнайы барып құттықтады. Елбасының атынан нәрестеге арналған құрал-жабдықтар, бесік, төсек, қол арба, ойыншықтар секілді қажеттіліктерді сыйға тартқан облыс басшысы: «Еліміздің он сегіз миллионыншы тұрғынының Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында дүниеге келгені – бәріміз үшін ерекше қуанышты оқиға. Демографиялық өсімнің жылдан жылға ұлғайып келе жатқаны халықтың Елбасымыздың салиқалы саясатына, Қазақстанның болашағына деген сенімінің зор екенін білдіреді. Жас ұрпақтың алаңсыз өсіп, білім алуына елімізде барлық жағдай жасалып келеді. Елбасының атынан, Жетісу жұртшылығының атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте аман-сау өсіп, ер жетіп, елдің абыройлы азаматы болсын!», деді.  Сондай-ақ, аймақ басшысы қалада күзге таяу пайдалануға берілетін жаңа тұрғын үйден жас отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін жеткізді. Өз кезегінде Мүслиманың атасы Еркінбек Бестібаев пен әжесі Бибітай Жасыбаева кішкентай нәрестеге, жас отбасына, жалпы, өз әулеттеріне көрсетілген үлкен құрмет пен сый үшін Президентке, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

Алмас НҮСІП, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы