• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды

10 рет
көрсетілді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл сайысқа Қазақстан құрамасының атынан үш спортшы қатысты.

Алайда олардың ешқайсысы финалға тікелей жолдама ала алмады. 

Анастасия Городко 12 - орын, Юлия Галышева - 14 орын алса, Аяулым Әмренова 20-орынға тұрақтады. Үшеуі де іріктеудің екінші кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, бұл спорт түрінен финалдық кезеңге өту үшін іріктеу кезеңінде үздік ондыққа ілігу қажет. Ал қалған спортшылар іріктеудің екінші кезеңінде бақ сынайды.

Іріктеу кезеңінің екінші кезеңі 11 ақпанда сағат 15:00-де басталады. Ал финал сағат 18:15-те өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншылар ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей жарыста өнер көрсетті. 

Сонымен қатар, Павел Колмаков фристайл-могулдан финалға жолдама алғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар