• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2017

Ақтауда қайта жаңғыртылған су тұшыту зауыты іске қосылды

173 рет
көрсетілді

Ауыз су мәселесі өзекті болып табылатын өңірде қиындықты еңсеру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, ауыз су проблемасын шешуге Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы ықпал етуде. Астана күні қарсаңында, осы мерекеге сый ретінде Ақтауда Каспий су тұшыту зауыты жаңғыртылып, іске қосылды.

Зауыттың өнімділігі бұған дейін күніне 10 мың текше метр тұшытылған ауыз суға мүмкіндік беретін болса, енді, яғни жаңғыртудан кейін күніне 30 мың текше метр тұщы су бере алатын болады.

Салтанатты шарада облыс әкімі Е.Тоғжанов зауытта қайта жаңғырту жұмыстарының жалғасатындығын жеткізді. Жұмыстар нәтижесінде келер жылы су тұшыту көлемі күніне тағы да 20 мың текше метрге көбеймек.

Гүлайым Шынтемірқызы, 

"Егемен Қазақстан"

Ақтау