• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Шілде, 2017

Фируза Шәріпова EXPO-2017 көрмесі аясында әлем чемпионы титулына таласады

159 рет
көрсетілді

26 тамызда Астанадағы EXPO-2017 көрмесі аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жастағы кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына күресетін болады, - деп хабарланды EXPO-2017 көрмесінің сайтында.

Айта кетейік, кештің ұйымдастырушылары - халықаралық EXPO-2017 көрмесі және Фируза Шарипованың командасы.

"Астана ЭКСПО-2017" басшысы Ахметжан Есімов Шарипованың командасымен кездесіп, әлемге әйгілі отандық спортшылар мен ЭКСПО көрмесінің мақсаты бір екенін атап өтті. Оның айтуынша, көрменің басты мақсаты -Қазақстанның атын халықаралық деңгейге шығару.

"Мен әйелдер арасында кәсіби бокстан бірінші әлем чемпионы атануға үлкен мүмкіндік туғанына және бұл атақты Қазақстанда алатыныма қуаныштымын. Халықаралық EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырушыларына және арнайы басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлына осындай ауқымды форумда сөз сөйлеуіме мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін. Мен өз елімді жерге қаратпаймын, мен жақсы бокс көрсетемін!", - деп атап өтті Фируза Шәріпова.

Кәсіпқой бокс EXPO-2017 аумағындағы өзіне 6 мың көрермен жинай алатын Амфитеатрда өтеді.