• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 07 Шілде, 2017

ЭКСПО-ның миллионыншы билетін сатып алушы көрмені тамашалады

215 рет
көрсетілді

ЭКСПО көрмесінің миллионыншы билетін сатып алған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қайрат Мамаев Астана күні қарсаңында көрме қалашығын аралады, деп хабарлайды elorda.info.

Қайрат Мамаев сәтті билетті сәуір айында сатып алған. Ол Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор болып қызмет атқарады.

«ЭКСПО көрмесіндегі инновациялық жаңалық пен ғылыми ізденістерді тамашаладым. «Нұр әлем» сферасы мен шетелдік павильондардың әлеуетімен таныстым. Миллионыншы билетті сатып алған кезде көрме әкімшілігі Астанаға арнайы шақыртып, қонақ етті, бағалы сыйлықтар тапсырды», - дейді ол.