• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2017

Елорда - балалар көзімен

320 рет
көрсетілді

Астананың  20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.

Бүгінде әлемдік қоғамдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты.Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді –келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық .Астанамыздың 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріне куә болдық.

Астанамыздың мерейтой қарсаңында аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Еліміздің жүрегі Астана» атты  тасқа сурет салу сайысы өтті.  Іс-шара барысында бүлдіршіндер Астанамыздың болашағын  өз ойларын  тасқа түсіріп, көпшілік  қауымға таныстырылып, ән шырқалып, балдырғандар өз тақпақтарын нақышына келтіріп  жатқа айтты.  Осындай көңілді кешімізге  ауданымыздың «Балдырған», «Жұпар», «Қаламқас» балабақшаларының бүлдіршіндері қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынға Асыл Әділханова,  (Жұпар балабақшасы) ие болды. 2-орынға Наргиз Қамбар (Балдырған) балабақшасы, 3-орынға Айсауле Тасболатова (Қаламқас) балабақшасы ие болды.  Кеш соңында  бүлдіршіндер марапатталып, сыйлықтар берілді.

З. Мусабаева,

Аудандық орталық балалар

кітапханасының меңгерушісі

Қостанай облысы,

Аманкелді ауданы