Сенбі күні, яғни 15 шілдеде Астанада Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалдық бәсекесі өтеді. Ақтық сында еліміздің "Astana Arlans" командасы мен Кубаның "Cuba Domadores" ұжымы күш сынасады.
Финалдық жекпе-жекке қатысатын боксшылардың тізімі: 49 келі - Теміртас Жүсіпов; 52 келі - Олжас Сәттібаев; 56 келі - Ілияс Сүлейменов; 60 келі - Зәкир Сафиуллин; 64 келі - Ділмұрат Міжитов; 69 келі- Асланбек Шымбергенов; 75 келі - Әбілхан Аманқұл; 81 келі - Арман Рысбек; 91 келі - Антон Пинчук; 91 келіден жоғары - Олжас Бұқаев.