Boxing Kingdom порталы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
Порталдың мәліметіне сәйкес, GGG-дің жеңісіне сенетін жанкүйерлер қатары азайып келеді. Алғашқы сауалнамада жанкүйерлердің 80 пайызы Геннадий Головкинге, ал қалған 20 пайызы Сауль Альвареске дауыс берсе, осы жылдың басында бұл көрсеткіш 60/40 болып өзгерді. Соңғы сауалнама бойынша Головкиннің жеңісіне сенетіндер 57 пайызға дейін төмендеді. "Канелоға" 43 пайыз дауыс берілді.
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен.