• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Шілде, 2017

Астанадағы Республика даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

135 рет
көрсетілді

Көлік жолдарында орташа жөндеу жұмыстарын өткізу аясында Республика даңғылы бойынша А. Иманов көшесінің учаскесінен Самал шағын ауданының автомобиль жол айрығына дейін жөндеу жүргізіледі.

Осыған байланысты 14-17 шілде аоалығында жоғарыда көрсетілген учаскелерде көлік жолдарының қозғалысы үшін жол ішінара жабылады.

«Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы» ММ елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.