• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Президент 13 Шілде, 2017

Президент ТМД елдері қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті

139 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара басталар алдында ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнаулы құрылымдардың халықаралық деңгейде ынтымақтасуы мен өзара іс-қимыл жасауының маңыздылығын атап өтті.

– Алдымызда ортақ міндеттер тұр. Өзара ынтымақтастықта болуымыз қажет. Қазір күрделі кезеңде өмір сүргендіктен, проблеманы жеке-дара шешу де қиын. Елдеріңіздің президенттерімен жақсы қарым-қатынастамын, сондықтан біз барлық мәселені бірігіп шешіп келеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы ТМД елдері арнаулы органдарының жетекшілеріне салтанатты шараға қатысқандары үшін алғыс айтып, сол елдердің басшыларына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.