• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Шілде, 2017

Елбасы Жарлығымен Сенат депутаттары тағайындалды

121 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Сенат депутаттары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып мыналар:

Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева; Владимир Васильевич Волков; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұртай Әбіқаевтың, Икрам Адырбековтің, Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың, Людмила Григорьевна Полторабатьконың өкілеттіктері тоқтатылды.