• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 14 Шілде, 2017

«Қайрат» өз алаңында «Скендербеумен» тең түсті (ВИДЕО)

150 рет
көрсетілді

«Қайрат» футбол командасы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында өз алаңында Албанияның «Скендербеу» ұжымымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

«Қайрат» алғашқы минуттардан-ақ алға ұмтылып, қарсыластарын қыспаққа алумен бастады. Өз кезегінде қонақтар да қарап отырмады, кездесудің 10-минутында есеп ашатын мүмкіндіктері де болған. Бірақ «Қайрат» қақпашысы Стас Покатилов өз орнынан табыла білді. Осыдан кейін намысқа басқан жерлестеріміз 11-минутта алғашқы голды салды. Ғафуржан Сүйімбаев жеткізген допты Жерар Гоу қақпаға тоғытты.

Матчтың екінші таймы аса тартысқа толы өтті. «Скендербеу» ойыншылары таразы басын теңестіру үшін барын салды. Лиридон Лятифи, Аденийи гол соғатын мүмкіндіктері болғанмен, сәттілік жетіспей жатты. Есесіне 72-минутта Бакари Нимага орайы келген сәтті мүлт жібермей есепті теңестірді.