• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2017

Алакөл жағасында дуатлон жарысы басталды

162 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы Алакөл жағалауында дуатлон жарысы басталды. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға Мəдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс медаль иегері Әділбек Ниязымбетов, әнші Жеңіс Сейдолла сынды бірқатар азаматтар арнайы келді.

Жарысқа   халықаралық дәрежедегі төреші  Юрий Портнягин қазылық етуде.  «Алакөл  - 2017»  облыстық жарысқа 70-ке жуық адам қатысып жатыр. Олар жас ерекшеліктеріне байланысты үш санат бойынша марапатталады. Қатысушылар жалпы 14 шақырым жолды жүгіріп және велосипедпен жүріп өтеді. Мәселен, 2 шақырымды - жаяу, 10 шақырымды - велосипедпен, одан кейін тағы 2 шақырымды жаяу еңсереді. Спорттық додаға қатысушылардың ең жасы 16 жаста болса, ең үлкені 60-қа таяп қалған. ҚР Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы да шараға өз үлесін қосып -  спортшылармен бірге жарысқа қатысып жатыр. Эстрада жұлдыздары ән шырқап, кештің көркін қыздыруда.

 

Соңғы жаңалықтар