17 шілдеде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында ОСК Төрағасы Берік Имашев Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловқа куәлік пен төсбелгіні тапсырды.
Бақытжан Жұмағұлов 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Мемлекет басшысының Жарлықтарымен тағайындалған С.Айтбаеваны, Б.Жұмағұловты, В.Волковты және Т.Мұсабаевты Парламент Сенатының депутаттары ретінде тіркеген болатын.
«Егемен-ақпарат»