Болашақ жол сақшыларын даярлауға ықпал ететін бұл шара облыс орталығының іргесіндегі, тамаша табиғат аясында орын тепкен «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығында өтеді. Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттері және еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 180 оқушы «Жол жүрісі қағидасын білу», «Жас реттеуші», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу», «Эрудиттер байқауы», «Жас санитарлар», «Велосипедті автоқалашықта жүргізу», «Үгітбригадалар байқауы», «Саптық жарыс» аталымдары аясында бақтарын сынап, баптарын байқайтын болады.
Бұл сайыс оқушылардың заң мен тәртіпті біліп қана қоймай, қоршаған орта, жақын-жуық, дос-жаран, ата-анасын құрметтеуге үйретеді. Жарыста тек мықтылар жеңіске жетсін», – деді бәсекенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Кәрменов.
Реті келгенде айта кетейік, біздің өңірдің құрамасы жыл сайын ұйымдастырылатын байқауда төрт мәрте топ жарыпты.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН