Әлемнің үздік 50 университеттері ішінде өз орнын тапқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлемдік рейтинг бойынша екі сатыға көтерілді. 2017 жылдың 12 шілдесінде қорытындысы белгілі болған QS Top 50 Under 50 халықаралық беделді рейтингтік агенттігінің сараптамасы осындай.
Халықаралық рейтингке әлемнің 150 университеті қатысты: Азиядан – 53, Еуропадан – 52, Океаниядан – 20, Латын Америкасынан – 18, Солтүстік Америкадан – 4.
Еліміздегі жас ұлттық университеттің рейтингтегі сатысы жұмыс берушілер мен академиялық сарапшылар арасындағы абырой-беделі және шетелдік оқытушылардың саны арқылы көтеріліп отыр.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдік рейтингке 2014 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Қазіргі таңда ЕҰУ аталмыш рейтинг бойынша 35-сатыда тұр, бұл Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны екенін ескерсек, зор жетістік болып табылады.