• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2017

Қабанбайдың қанжары

430 рет
көрсетілді

Бас қалада орналасқан Қазақ­стан Қарулы Күштеріне қарас­ты Ұлттық әскери-тарихи музей­дің көрме залдарына облыс­тық һәм қалалық музейлердің ең құнды деген экспонаттары әкелініп қойылуда.

Бұл дүниелерді ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік қонақтар мен Астанаға ат басын бұрған елі­міз тұрғындары тамашалау­да. Осында орналасқан экс­понаттар арасынан даңқты батыр бабамыз Қаракерей Қабанбайдың қанжарын көзіміз шалып қалды. Бұл жәдігер Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музей қорынан жеткізіліпті.

Қанжардың мүйіз сабы жете­сіне ақ қорғасын арқылы шеген­деліпті. Тегі бұл бертінде жасалған реставраторлар жұмысы болса керек. Қанжардың арқа қырында жетесінен ұшына дейін қатар тартылған қос ойма қобы сызық бар. Ұшы кәдімгі пышақтар сияқты қайқыланып біткен. Қанжар-экспонаттың таныс­тырылым құжатында: жалпы ұзындығы – 34,4 см, сабы – 11 см, салмағы 0,8 келі делініпті және бұл бұйымды музей қорына өткіз­ген адам ретінде танымал сурет­ші Сахи Романов есімі тіркелген.

Бекен Қайратұлы, «Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»