Тараптар «Үлкен Еуразия» кеңістігіндегі ағымдағы геосаяси үрдістерді, «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуымен үндес «Бір белдеу – бір жол» жобасының дамуын, сондай-ақ, ӘЭСИ мен ШХЗА ортақ ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.
ШХЗА өкілдері 2017 жылдың қараша айында өтетін кезекті «Астана клуб» отырысына шақырылды. ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев атап өткендей, «Астана клуб» диалог алаңы аясында бүкіл әлемнің, соның ішінде Азияның алдыңғы қатарлы сараптамалық орталықтары сарапшыларының бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасау ӘЭСИ үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық-интеграциялық және гуманитарлық бастамаларын жаһандық деңгейде насихаттау жұмысындағы басым бағыт болып табылады.