• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Шілде, 2017

Австралияда қауіпсіздікке бір ғана министрлік жауап береді

150 рет
көрсетілді

Австралия премьер-министрі Малколм Тёрнбулл елде қауіпсіздікке жауапты әмбебап ішкі істер министрлігі құрылатынын мәлім етті. Оның құрамына қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын негізгі ведомстволар мен қызметтер кіреді, деп хабарлайды ТАСС

«Өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жаңа министрлік алдағы жылдың бірінші жартысында құрылып бітуі тиіс», – деп мәлімдеді Үкімет басшысы бүгінгі өткен баспасөз конференциясында. Ол сондай-ақ жаңа ведомствоны басқаруды қазіргі көші-қон және шекараларды қорғау министрі Питер Даттонға тапсырғанын атап өтті.  

Қазірдің өзінде жергілікті БАҚ өкілдері Австралияның жаңа ішкі істер министрлігін «қауіпсіздік суперминистрлігі» деп атап кетті. Оның құрамына көші-қон мен шекаралық бақылау қызметтері, федералды полиция, Австралияның қауіпсіздік және барлау қызметі, ұлттық қаржылық бақылау қызметі, сондай-ақ өзге де бірқатар құқық қорғау ведомстволары мен арнайы қызметтер кіреді. Үкімет басшысы барлық аталған ведомстволардың құрылымдары сақталатынын, ал министр олардың қызметін үйлестіріп отыратынын жеткізді.     

«Реформа біздің жүйеміз бұзылғандықтан жүргізіліп отырған жоқ, бұл қажеттілік қауіпсіздік саласындағы ахуалдың жылдам өзгеріп жатқанынан туындап отыр. Заманауи сын-қатерлерге төтеп беру үшін барынша тиімді құрылым қажет», – деді ол.