• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2017

«Теңізшевройл» компаниясына тағы айыппұл салынды

210 рет
көрсетілді

30 мамырда Атырау облысындағы  Теңіз кенішінде «Теңізшевройл» компаниясына қарасты зауытта газ атқылады.

Жергілікті жұрттың алаңдаушылығын туғызған бұл жайтқа алпауыт компанияның басшылығы «Ауаға тараған газдың адам денсаулығына аса зияны жоқ» деп жауырды жаба тоқығысы келген сыңай танытқан. Алайда, облыстық экология департаменті оқиға орнына  тексеру жүргізіп, экологияға 176,9 млн теңге мөлшерінде залал келгенін анықтады.

– Комиссия жұмысының қорытындысы «Теңізшевройлға» жіберілді, – дейді облыстың бас экологиялық инспекторы Қанат Қалмахан. – Компанияға 169 млн теңге айыппұл салынды. Бір ай уақыт ішінде айыппұл қазынаға түспейтін болса, іс сотқа жолданады.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»