• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2017

Алматы экономикасының бар саласында өсім бар

158 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласының баспасөз қызметі шаһарда бірінші жарты жылдықта экономиканың барлық саласында өсім бар екендігі туралы мәлімдеді.

Мәселен 2016 жылы өңірлік жалпы өнім 2,6 пайыз немесе 10,3 трлн теңге болса, биыл 6 ай ішінде экономиканың барлық салаларында өсім бары байқалады: бөлшек сауда 6,8 пайызға, көтерме сауда 0,7 пайызға, өнеркәсіп 4,7 пайызға, құрылыс 0,7 пайызға, байланыс 4,9 пайызға, ауылшаруашылығы 62,8 пайызға артқан. Тұрғын үй салу 15,6 пайызға, инвестиция көлемі 235,7 млрд теңгеге өсіп, 12,2 пайызға ұлғайған. Қала бойынша инфляция  көрсеткіші 3,6 пайыз, республикада  3,7 пайызға жеткен.

Қалада жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің субьектілер саны 171,5 мың және олардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға өскен.       Қалада салық түсімі де молайған. Республикалық бюджетке 645,2 млрд. теңге түскен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға (51,1 млрд. теңге) көп. Жергілікті бюджетке  184,2 млрд. теңге салық құйылған, 9 пайызға (15,2 млрд. теңге) көп. Тұрақтылық жағдайында қалада жыл аяғына дейін өсім деңгейінің артады деп күтілуде.

 Жалпы, 2017 жылғы қала бюджеті  542,4 млрд теңгені құрайды. Өткен жылы үнемдеудің арқасында жергілікті  бюджет  33 млрд теңгеге немесе 50 пайызға артты. Өткен жылмен салыстырғанда жолдарды жөндеу мен құрылыс салуға 2,8  есе, ал инженерлік желілерге 1,9 есе, абаттандыруға 2,7 есе көп ақша бөлінген.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ