• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Шілде, 2017

Келелі кездесулер

140 рет
көрсетілді

Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі Грег Хэндспен кездесу өткізді, деп хабарлады Пре­мьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында жер қойнауын пай­далану, инновациялар мен техно­логиялар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен білім беру сала­сындағы сауда-экономикалық ын­ты­мақтастықты дамыту мәселелері тал­қы­ланды. 

* * *    Кеше сондай-ақ, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ин­вестициялық саясат жөніндегі жа­һан­дық бағыттың жетекшісі Роберто Эчан­дидің бас­шылық етуімен Дүние­жүзілік банктің сарапшылар тобымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында «Ұлттық ин­вес­тициялық стратегия» инвестициялар тарту бойынша үкіметтік бағдар­ла­масының жобасы қаралды.