• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Шілде, 2017

Димаш Құдайберген MTV Music awards жүлдесін алды

321 рет
көрсетілді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірін еншіледі. Бұл туралы әншінің менеджері Алпамыс Шаримов Инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.

«Екінші күн қатарынан үлкен марапат! Әлемдегі ең үлкен марапаттардың алды болып табылатын MTV Music awards жүлдесі тұңғыш рет қазақ баласының еншісінде! Бұл тариx! Құтты болсын, жан досым!!!» - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Алпамыс БАҚ өкілдеріне Димаштың Гуанчжоуда өтетін MTV Music Awards Asia шарасына қатысатынын хабарлаған болатын. Қазақстандық әнші онда «Азияның ең танымал шетелдік әншісі» аталымына үміткер ретінде қатысатынын мәлім еткен.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Димаш Құдайберген Қытайда Asian Music GaLa марапаттау кешінде "Ең танымал шет елдің әншісі" номинациясының иегері атанған болатын.